6-8 жас
9-12 жас
13-17 жас

Google-дағы құпиялылығыңыз туралы ақпарат керек пе?

Дұрыс жерге келдің! Мұнда балалар жиі қоятын сұрақтарды, мысалы ата-анаң Google қызметі бойынша қалай көмектесе алатыны, Google-дың қандай ақпаратты пайдаланатыны және басқа да мәселелер бойынша қойылған сұрақтарды оқуға болады.

Ата-аналар үшін: бұл ақпарат Family Link арқылы басқарылатын Google есептік жазбаларына, 13 жасқа (не еліңізде белгіленген жасқа) толмаған балаларға ғана қатысты. Толығырақ ақпаратты Құпиялылық туралы мәлімдеме және Құпиялылық саясаты құжаттарынан қараңыз.

Есептік жазбамды кім басқарады?

Google есептік жазбаңды ата-анаң басқарады. Есептік жазбаны ата-анаң Family Link қолданбасы арқылы басқарады. Кәмелеттік жасқа толғанда есептік жазбаңды өзің басқара алатын боласың.

Ата-анаң келесі әрекеттерді орындай алады:

  • есептік жазбаңа кіру, оның құпия сөзін өзгерту немесе есептік жазбаны жою;
  • телефонды немесе планшетті құлыптау;
  • телефон немесе планшеттің орналасқан жерін көру;
  • сен пайдалана алатын қолданбаларды таңдау;
  • қолданбаларды пайдалану ұзақтығын қарау;
  • Google Search, YouTube немесе Google Play сияқты кейбір Google қолданбаларында саған көрсетілетін нәрселерді өзгерту;
  • әрекеттерді басқару элементтерін таңдау; (Бұл параметрлер Google-да жасаған әрекеттеріңіз туралы ақпаратты сақтайды.)
  • қолданбалардың параметрлері мен рұқсаттарын таңдау;
  • есептік жазбаға атыңды, туған күніңді және басқа ақпаратты енгізу;
  • Google Play сияқты кейбір Google өнімдерінен сен жүктеп немесе сатып ала алатын нәрселерді таңдау.

Google жеке ақпаратымды қалай және не үшін пайдаланады?

Аты-жөнің, туған күнің сияқты сен не ата-анаң берген ақпаратты сақтауымыз мүмкін. Сонымен қатар біз қолданбалар мен сайттарымызды пайдаланған кезде сен туралы ақпаратты сақтаймыз. Біз бұл ақпаратты қорғауға бар күшімізді саламыз және оны Google қолданбалары мен сайттарын жақсарту сияқты мақсаттарда пайдаланамыз.

Ата-анаңмен бірге сен туралы ақпаратты төмендегі мақсаттарда пайдалануымыз туралы толығырақ ақпарат алуға болады:

  • Қолданбаларымыз бен сайттарымыздың жұмысын қамтамасыз ету: мысалы, сен Google Search қызметінде "күшіктер" деп іздеген кезде, біз күшіктер туралы мазмұндарды көрсету үшін сен туралы ақпаратты пайдаланамыз.
  • Қолданбаларымыз бен сайттарымызды жақсарту: бір нәрсе бұзылған жағдайда, оны жөндеу үшін біз ақпаратты пайдалануымыз мүмкін.
  • Google компаниясын, оның пайдаланушылары мен қоғамды қорғау: адамдарды интернетте қорғау мақсатында біз сен туралы ақпаратты пайдаланамыз.
  • Жаңа қолданбалар мен сайттар жасау: қазір біз қолданбаларымыз бен сайттарымыздың қалай пайдаланылатынын көріп, соның негізінде жаңа Google қызметтерін шығарамыз.
  • Саған ұнауы мүмкін мазмұнды көрсету: мысалы, YouTube Kids қызметінде жануарлар туралы бейнелер көруді ұнататын болсаң, саған сол тақырыптағы басқа бейнелерді көрсетуіміз мүмкін.
  • Сен кірген сайттар сияқты ақпаратқа негізделген жарнамалар көрсету.
  • Сенімен байланысу: мысалы, саған хабар жіберу үшін біз электрондық мекенжайыңды пайдалануымыз мүмкін. Бейтаныс адам жіберген хабарларды ашу үшін әрдайым ата-анаңнан рұқсат сұра.

Google сақтайтын ақпаратты таңдай аламын ба?

Иә, бізде сақталатын сен туралы ақпараттың біразын өзгерте аласың. Әрекеттерді басқару элементтері сияқты кейбір құпиялылық параметрлерін өзгертсең, біз ол туралы ата-анаңа хабарлаймыз. Олар да параметрлерді өзгертуге көмектесе алады.

Сен туралы, сенің Google есептік жазбаң туралы кейбір ақпаратты сен және ата-анаң көре және басқара алады.

Google менің жеке ақпаратымды басқалармен бөлісе ме?

Сенің аты-жөнің сияқты жеке ақпаратты Google-дан тыс бөлісуімізге бірнеше себеп бар. Мұндай ақпаратты бөлісетін болсақ, біз оның қорғалуын қамтамасыз етеміз.

Кейбір жеке ақпаратты бөлісу мысалдары:

  • ата-анаңмен және Google отбасы тобымен бөлісу;
  • біз бірге жұмыс істейтін компаниялармен бөлісу;
  • ата-анаң бізге рұқсат берген жағдайда бөлісу;
  • құқықтық себептермен қажет болған жағдайда бөлісу.

Мен интернетте бөлісетін нәрселерді басқа кім көре алады?

Сен интернетте бөлісетін нәрселерді, мысалы, электрондық хабарларды немесе фотосуреттерді көп адам көруі мүмкін. Ақпаратты тек сенімді адамдармен бөлісу керек. Күмәнданып тұрсаң, ата-анадан немесе отбасы мүшесінен сұра.

Толығырақ білгің келе ме? Ата-анаңнан Құпиялылық саясаты құжатын оқып шығуға көмек сұра.

Google-дағы құпиялылығыңыз туралы ақпарат керек пе?

Дұрыс жерге келдің! Бұл жерде Google қолданбалар мен сайттарымызды пайдалануың туралы деректерді қалай жинап, қалай қолданатыны жайлы жазылған. Сонымен қатар мұнда ата-ананың көмегімен Google есептік жазбасы мен құрылғыларды басқару туралы ақпарат берілген.

Ата-аналар үшін: бұл ақпарат Family Link арқылы басқарылатын Google есептік жазбаларына, 13 жасқа (не еліңізде белгіленген жасқа) толмаған балаларға ғана қатысты. Толығырақ ақпаратты Құпиялылық туралы мәлімдеме және Құпиялылық саясаты құжаттарынан қараңыз.

Есептік жазбамды кім басқарады?

Google есептік жазбаңды қазір ата-анаң басқарады. Есептік жазбаны өзің басқара алатын жасқа жеткенше, оны ата-анаң Family Link қолданбасы арқылы басқарады.

Ата-анаң келесі әрекеттерді орындай алады:

  • есептік жазбаңа кіру, оның құпия сөзін өзгерту немесе есептік жазбаны жою;
  • телефон немесе планшет сияқты құрылғыларды пайдаланатын күн мен уақытты белгілеу және оларға шектеу қою;
  • телефон немесе планшеттің орналасқан жерін көру;
  • сен пайдаланатын қолданбаларды таңдау;
  • қолданбаларды пайдалану ұзақтығын қарау;
  • Google Search, YouTube немесе Google Play сияқты кейбір Google қолданбалары мен сайттарының мазмұн параметрлерін басқару; Бұл параметрлер саған көрсетілетін мазмұнды өзгерте алады.
  • есептік жазбаның әрекеттерін, мысалы, YouTube тарихын басқару, оның ішінде әрекеттерді өзің басқару мүмкіндігін бөгеу;
  • қолданбалардың телефон немесе планшетіңдегі микрофонды, камераны немесе контактілерді пайдалану сияқты рұқсаттарын тексеру;
  • жынысың немесе туған күнің сияқты есептік жазба туралы ақпаратты көру, өзгерту немесе жою;
  • Google Play сияқты кейбір Google қолданбаларынан сен жүктеп немесе сатып алатын нәрселерді мақұлдау.

Google жеке ақпаратымды қалай және не үшін пайдаланады?

Көптеген веб-сайттар мен қолданбалар сияқты, біз де аты-жөнің, туған күнің сияқты сен не ата-анаң берген жеке деректерді және біздің қолданбаларымыз бен веб-сайттарымызды қолдану деректерін жинаймыз. Біз бұл ақпаратты қорғауға бар күшімізді саламыз және оны өнімдерімізді жақсарту сияқты мақсаттарда ғана пайдаланамыз. Мысалы, біз деректерді келесі мақсаттарда жинаймыз:

  • Қолданбаларымыз бен сайттарымыздың жұмысын қамтамасыз ету: мысалы, сен Google Search қызметінде "спорт" деп іздеген кезде, біз спорт туралы мазмұндарды көрсету үшін сен туралы ақпаратты пайдаланамыз.
  • Қолданбаларымыз бен сайттарымызды жақсарту: бір нәрсе бұзылған жағдайда, оны жөндеу үшін біз ақпаратты пайдалануымыз мүмкін.
  • Google компаниясын, оның пайдаланушылары мен қоғамды қорғау: алаяқтықты анықтау және оның алдын алу сияқты әрекеттерді орындай отырып, адамдарды интернетте қорғау мақсатында біз сен туралы ақпаратты пайдаланамыз.
  • Жаңа қолданбалар мен сайттар жасау: қазір біз қолданбаларымыз бен сайттарымыздың қалай пайдаланылатынын көріп, соның негізінде жаңа Google өнімдерін шығарамыз.
  • Ақпаратты жекелендіру, яғни саған ұнауы мүмкін нәрселерді көрсету. Мысалы, YouTube Kids қызметінде жануарлар туралы бейнелер көруді ұнататын болсаң, саған сол тақырыптағы басқа бейнелерді ұсынуымыз мүмкін.
  • Сен кірген сайттар сияқты ақпаратқа негізделген жарнамалар көрсету.
  • Сенімен байланысу: мысалы, қауіпсіздік мәселесі пайда болған кезде саған хабар жіберу үшін біз электрондық мекенжайыңды пайдалануымыз мүмкін. Бейтаныс адам жіберген хабарларды ашу үшін әрдайым ата-анаңнан рұқсат сұра.

Google сақтайтын ақпаратты таңдай аламын ба?

Иә, бізде сақталатын сен туралы ақпараттың біразын өзгерте аласың. Мысалы, YouTube тарихын Google есептік жазбаңда сақтағың келмесе, YouTube тарихын өшіруге болады. Әрекеттерді басқару элементтері сияқты кейбір құпиялылық параметрлерін өзгертсең, біз ол туралы ата-анаңа хабарлаймыз. Олар да параметрлерді өзгертуге көмектесе алады.

Сен туралы, сенің Google есептік жазбаң туралы кейбір ақпаратты сен және ата-анаң көре және басқара алады.

Google менің жеке ақпаратымды басқалармен бөлісе ме?

Сенің аты-жөнің және электрондық мекенжайың сияқты жеке ақпаратты Google-дан тыс бөлісуімізге бірнеше себеп бар. Мұндай ақпаратты бөлісу арқылы біз оның қорғалуын қамтамасыз етеміз.

Біз кейбір жеке ақпаратты келесі тұлғалармен бөлісуіміз мүмкін:

  • Ата-анаңмен және Google отбасы тобымен
  • Біз бірге жұмыс істейтін компаниялармен
  • Ата-анаң бізге рұқсат берген жағдайда
  • Құқықтық себептермен қажет болған жағдайда

Мен интернетте бөлісетін нәрселерді басқа кім көре алады?

Сен интернетте бөлісетін нәрселерді, мысалы, электрондық хабарларды немесе фотосуреттерді көп адам көруі мүмкін. Интернетте бөлісілген ақпаратты жою қиын болады. Ақпаратты тек сенімді адамдармен бөлісу керек. Күмәнданып тұрсаң, ата-анадан немесе отбасы мүшесінен сұра.

Толығырақ білгің келе ме? Ата-анаңнан Құпиялылық саясаты құжатын оқып шығуға көмек сұра.

Google-дағы құпиялылығыңыз туралы ақпарат керек пе?

Бұл жерде Google қолданбалар мен сайттарымызды пайдалануыңыз туралы деректеріңізді қалай жинап, қалай қолданатыны жайлы жазылған. Сонымен қатар мұнда ата-ананың көмегімен Google есептік жазбасы мен құрылғыларды басқару туралы ақпарат берілген.

Бұл ақпарат Family Link арқылы басқарылатын Google есептік жазбаларына, балаларға және өз есептік жазбасын басқаруға рұқсат берілетін жасқа толмаған жасөспірімдерге ғана қатысты. Толығырақ ақпаратты Құпиялылық туралы мәлімдеме және Құпиялылық саясаты құжаттарынан қараңыз.

Ата-анам есептік жазбаны басқаруға көмектесе ала ма?

Ата-анаң Family Link қолданбасымен Google есептік жазбаңды реттей алады. Құрылғыға қарай олар келесі әрекеттерді орындай алады:

  • есептік жазбаңа кіру, оның құпия сөзін өзгерту немесе есептік жазбаны жою;
  • құрылғыны пайдаланатын күн мен уақытты белгілеу және оларға шектеу қою;
  • есептік жазбаға кірген және белсенді құрылғылардың орнын көру;
  • қолданбаларыңды басқару және оларды пайдалану жиілігін көру;
  • Google Search, YouTube немесе Google Play сияқты кейбір Google қолданбалары мен сайттарының мазмұн параметрлерін басқару; Бұл параметрлер саған көрсетілетін мазмұнды өзгерте алады.
  • есептік жазбаның әрекеттерін, мысалы, YouTube тарихын басқару, оның ішінде әрекеттерді өзің басқару мүмкіндігін бөгеу;
  • қолданбалардың құрылғыдағы микрофонды, камераны немесе контактілерді пайдалану сияқты рұқсаттарын тексеру;
  • жынысың немесе туған күнің сияқты есептік жазба туралы ақпаратты көру, өзгерту немесе жою;
  • Google Play сияқты кейбір Google қолданбаларынан сен жүктеп немесе сатып алатын нәрселерді мақұлдау.

Google жеке ақпаратымды қалай және не үшін жинап, пайдаланады?

Көптеген веб-сайттар мен қолданбалар сияқты, біз де аты-жөнің, туған күнің сияқты сен не ата-анаң берген жеке деректерді және біздің қолданбаларымыз бен веб-сайттарымызды қолдану деректерін жинаймыз. Біз бұл ақпаратты қорғауға бар күшімізді саламыз және оны өнімдерімізді жақсарту сияқты мақсаттарда ғана пайдаланамыз. Мысалы, біз деректерді келесі мақсаттарда жинаймыз:

  • Google компаниясын, оның пайдаланушылары мен қоғамды қорғау: біз деректерді алаяқтықты анықтау және оның алдын алу сияқты әрекеттерді орындай отырып, адамдарды интернетте қорғау мақсатында пайдаланамыз.
  • Қызметтерімізді ұсыну: біз деректерді сен іздеген сұрауларды өңдеп, нәтижелерді көрсету сияқты қызметтерді қамтамасыз ету үшін пайдаланамыз.
  • Қызметтерімізді қадағалау және жақсарту: мысалы, біз өнімдеріміздің қалыптан тыс жұмыс істей бастағанын бақылай аламыз. Сондай-ақ емле бойынша ең көп қате жіберілетін іздеу сұрауларын түсіну арқылы біз қызметтерімізде пайдаланылатын емлені тексеру мүмкіндіктерін жетілдіре аламыз.
  • Жаңа қызметтерді әзірлеу: деректердің көмегімен біз жаңа қызметтерді әзірлей аламыз. Мысалы, Google-дың бірінші фотосурет қолданбасы болып табылатын Picasa қызметінің көмегімен біз адамдар фотосуреттерді қалай ұйымдастыратынын түсініп, Google Photos қызметін жасап шығардық.
  • Мазмұнды жекелендіру, яғни саған ұнауы мүмкін нәрселерді көрсету. Мысалы, YouTube қызметінде спорт бейнелерін көруді ұнататын болсаң, саған сол тақырыптағы басқа бейнелерді ұсынуымыз мүмкін.
  • Сен кірген сайттар, өзің іздеген сөздер немесе қала мен облыс сияқты ақпаратқа негізделген жарнамалар көрсету.
  • Өнімділікті өлшеу: өнімділікті өлшеп, қызметтеріміздің қалай пайдаланылатынын түсіну үшін біз деректерді пайдаланамыз.
  • Сенімен байланысу: мысалы, күдікті әрекетті байқаған кезде саған хабарландыру жіберу үшін біз электрондық мекенжайыңды пайдалануымыз мүмкін.

Google сақтайтын ақпаратты қалай таңдауға болады?

Параметрлердің көмегімен біз жинайтын деректерді және олардың пайдаланылуын шектей аласың. Мысалы, YouTube тарихын Google есептік жазбаңда сақтағың келмесе, YouTube тарихын өшіруге болады. Әрекеттерді басқару элементтерін өзгертсең, біз ол туралы ата-анаңа хабарлаймыз. Құпиялылық параметрлері туралы толығырақ

Сен туралы, сенің Google есептік жазбаң туралы кейбір ақпаратты сен кез келген уақытта көре және басқара аласың.

Google менің жеке ақпаратымды басқалармен бөлісе ме?

Заң бойынша талап етілетін жағдайларды есепке алмағанда, жеке ақпарат Googlе-дан басқа компанияларға, ұйымдарға немесе жеке тұлғаларға жіберілмейді. Мұндай ақпаратты бөлісетін болсақ, біз оның қорғалуын қамтамасыз етеміз.

Кейбір жеке ақпаратты бөлісу мысалдары:

  • ата-анаңмен және Google отбасы тобымен бөлісу;
  • ​​сен немесе ата-анаң бізге рұқсат берген жағдайда немесе құқықтық себептермен қажет болған жағдайда бөлісу; Біз жеке ақпаратты келесі мақсаттарда қажет деп санаған кезде Google-дан тыс бөлісеміз:
  • Қолданыстағы заң, ережелер, құқықтық процедураларды орындау немесе үкіметтік мекемелер сұрауларына жауап беру.
  • Қолданыстағы Қызмет көрсету шарттарына жүгіну, оның ішінде ықтимал ереже бұзу жайттарын тергеп-тексеру.
  • Алаяқтық, қауіпсіздік немесе техникалық мәселелерді анықтау, алдын алу немесе басқа шаралар қолдану.
  • Google, пайдаланушылар немесе басқа адамдардың құқығына, мүлкіне және қауіпсіздігіне залал келтіруден қорғау.
  • сыртқы қолданыс үшін. Біз жеке ақпаратты өз нұсқауларымыз бойынша өңдеу үшін бірге жұмыс істейтін компанияларға жібереміз. Мысалы, тұтынушыларға қолдау көрсету үшін біз сыртқы компаниялардың қызметтерін қолданамыз және пайдаланушы қойған сұрақтарға жауап беру үшін олармен жеке ақпаратты бөлісуіміз қажет.

Фотосуреттер, электрондық пошта және құжаттар сияқты мен бөлісетін нәрселерді басқа кім көре алады?

Сен пайдаланатын Google қолданбалары мен сайттарында нақты мазмұнды басқа адамдармен бөлісуді таңдауға болады.

Бір нәрсені бөліскен кезде, басқа адамдар оны Google-дан тыс қолданбалар мен сайттарға қайта бөлісе алатынын естен шығармау керек.

Өз мазмұныңды есептік жазбадан кез келген уақытта жоя аласың, бірақ оның бөлісіп қойған көшірмелері жойылмайды.

Бір нәрсені бөлісер алдында жақсылап ойланып, тек сенімді адамдармен бөлісу керек.

Осы тақырыптар бойынша толығырақ ақпаратты Құпиялылық саясаты құжатынан қараңыз.